#Birtutas_tarbie
#Бiртұтас_тәрбие
2024 жылдың 12 қыркүйек күні "Лавровка орта мектебі" КММ-де медицина қызметкері А.К.Арыстанбаева 1-11 сынып оқушыларымен жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау және ЖРВИ тұмауы COVID-19 алдын алу бойынша әңгіме өткізді. 2-11 сыныптада сынып жетекшілері оқушылармен тақырыптық диктант өткізді. 1-11 сынып оқушылары үшін осы тақырыпта бейне көрсетілім ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудың маңыздылығы мен қажеттілігін көрсету, тұмау мен суық тиюдің алдын алу жолдарымен таныстыру, өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.