2025 жылдың 9 маусым күні біздің мектеп жанындағы «Жұлдызшалар» лагерінде Денсаулық күні өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды. Барлық іс-шаралар балаларға денсаулықты сақтаудың, дұрыс тамақтанудың, физикалық белсенділікті қолдаудың және спорттық жарыстарға қатысудың маңыздылығын көрсетуге бағытталды. Балалар таңғы жаттығу жасады, өздері айналысатын спорт түрлері туралы айтып берді, берілген тақырыпқа сурет салып, ребустар шешіп, салауатты өмір салты туралы викторинаға белсене қатысты. Күн қызықты әрі танымды өтті.
Жаңалықтар
Жұлдызшалар мектеп жанындағы лагерiнде Денсаулық күні
Қаралды: 16