Тілдер апталығы аясында 6-сынып пен 7-сынып оқушылары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты танымдық ойын-сабақ өткізілді. Сабақ үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде оқушыларға қазақ тілі пәні бойынша 10 сұрақ қойылды. Екінші бөлімде мақал-мәтелдерді жалғастыру тапсырмасы берілді. Үшінші бөлімде шағын мәтінді аудару ұсынылды.Сайыс қорытындысы бойынша екі сынып арасындағы ұпай айырмашылығы екі балл шамасында болды. Жеңіс тұғырынан көрінген – 6-сынып оқушылары. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы грамоталар табысталды.Шараның әділқазылар алқасы ретінде тарих пәнінің мұғалімі Нұржан Аманжол және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наубаева А.А төрелік етіп, сайыстың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.#Адал_азамат
Жаңалықтар
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»
Қаралды: 83





