КММ "Лавровка орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Ұстаздар күні

Previous Next

Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Шынында да ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие-білім – әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғалым да, батыр да, ақын да, диқан да, шопан да, бәрі – ұстаздан білім, тәлім алған, сол себепті ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаздар күні қарсаңында "Лавровка орта мектебі" КММ-де келесі қызметкерлер марапатталды: Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен математика пәнінің мұғалімі У.Ж.Раева, білім беру жүйесіндегі адал еңбегі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін облыстық кәсіподақ ұйымының грамотасымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі И.Павлова, физика пәнінің мұғалімТ.Ж Раев, аудандық білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен АӘжТД-ның оқытушы-ұйымдастырушы К.Б.Мукашев, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А.Наубаева, кәсіподақ қызметіне белсене қатысқаны үшін аудандық кәсіподақ ұйымының грамотасымен шағын орталық тәрбиешісінің көмекшісі Л.Олейник және тарих пәнінің мұғалімі Н.Аманжол марапатталды. Ұстаздар күні мектеп оқушылары дайындаған "Сіздерге, ұстаздар!" атты мерекелік концерт өтті.

Записаться на прием