#Біртұтас_тәрбие.
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.
2 қыркүйектен бастап "Лавровка орта мектебі" КММ-де ЖК "Мукашев К.Б." оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру және дайындалған тағамның сапасын бақылау бойынша комиссия жұмыс жасауда. Олар бракераждық журнал, асханаға бару туралы кестесін, тамақ сапасын бақылауды жүргізеді. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды. Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.