2025 жылғы 14 қазан күні «Лавровка орта мектебі» КММ-де бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі К.Б.Мұқашев оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізді. Іс-шара барысында өрт шыққан кездегі әрекет ету ережелері, ғимараттан эвакуациялау тәртібі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдері, сондай-ақ білім беру мекемесінде және тұрмыста өрттің алдын алу шаралары туралы маңызды мәселелер талқыланды.Нұсқаулықтың мақсаты — өрт қауіпсіздігі бойынша білім деңгейін арттыру, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау алгоритмін пысықтау болып табылады.
Жаңалықтар
Өрт қауіпсіздігі бой нұсқаулық
Қаралды: 10





