«Лавровка орта мектебі» КММ-де «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні » акциясы аясында мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Л.В. Гомилко ата аналарға арналған «Мектепке дейінгі жастағы балалармен болатын жанжалдар» тақырыбында профилактикалық сабақ ұйымдастырды.Іс шараның мақсаты — ата аналарға балалармен жанжалдық жағдайлардың туындау себептерін түсінуге көмектесу, оларды конструктивті жолмен шешу тәсілдерін үйрету, сондай ақ отбасындағы сенімді қарым қатынасты нығайту.Кездесу барысында мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық дамуының ерекшеліктері, қиқарлықтың жиі кездесетін себептері, тиімді қарым қатынас әдістері және ата ана мен бала арасындағы жанжалдардың алдын алу жолдары қарастырылды. Ата аналар практикалық ұсыныстар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Жаңалықтар
«Мектепке дейінгі жастағы балалармен болатын жанжалдар»
Қаралды: 6





