2025-2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығын қорытындылай келе, «Лавровка орта мектебі» КММ-нің оқушыларының жетістіктерін атап өткіміз келеді:
• Солардың ішінде —6-сынып оқушысы Байгарин Арслан 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық деңгейде өткен Республикалық олимпиадада «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-орынға ие болды. Жетекшісі: Павлова Ирина Викторовна;
• 2-сынып оқушысы Ботабай Нұрайым «Информатика» пәнінен 2-7 сынып оқушыларына арналған Республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінде 1-орынға, облыстық кезеңінде 3-орынға ие болды. Жетекшісі: Мукашева Гулимжан Аманжолқызы;
• 9-сынып оқушысы Шахматова Милана ауыл мектептері арасында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңінің «Химия» пәнінен қатысушысы. Жетекшісі: Капарова Г.Х.;
• 6-сынып оқушысы Байгарин Арслан 2-7 сынып оқушыларына арналған Республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінің қатысушысы. Жетекшісі: Садвақас Айғаным Бақытбекқызы;
• 8-сынып оқушысы Ахметова Алина 8-сынып оқушылары арасында өткен Республикалық «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңінің қатысушысы. Жетекшісі: Капарова Г.Х.;
• 9-сынып оқушысы Огородникова Дарья 9-11 сынып оқушыларына арналған «Сыни ойлау және философия» бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің ағылшын тілі пәнінен қатысушысы. Жетекшісі: Садвақас Айғаным Бақытбекқызы;
Мектеп әкімшілігі оқушыларды және олардың жетекшілерін құттықтай отыра, әрі қарай табыстар, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейді!





