2024 жылдың 1 қыркүйек күні "Лавровка орта мектебі " КММ-де Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бірінші сынып оқушылары үшін ғана емес, биыл мектеп бітіретін жоғары сынып оқушылары үшін де ерекше. Мектеп директоры Г.А.Мукашева құттықтау сөзінде бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, баршаны жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, үлгілі тәртібі мен үздік оқуы үшін үздік оқушыларға Алғыс хаттар табыс етті. "Лавровское" ЖШС-нің директоры С.К.Косжанов 1 сынып оқушыларын қажетті оқу құралдарымен қуантты. Сыйлықтарыңыз үшін оқушылар мен олардың ата-аналары атынан Алғыс айтамыз. Жаңа оқу жылы баршаға жемісті және білімге, шығармашылыққа және жетістіктерге бай болсын.
Жаңалықтар
Білім күні
Қаралды: 35